Бокстан әлем кубогы: 12 боксшымыз алтын жүлде үшін жұдырықтасады

Бокстан әлем кубогы: 12 боксшымыз алтын жүлде үшін жұдырықтасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.07.2025 11:55 Сурет: Қазақстан бокс федерациясы
6 шілде күні өтетін World Boxing Әлем кубогының ерлер мен әйелдер арасындағы финалында қазақстандық боксшылардың қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Финалдық жекпе-жектер Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді, деп мәлімдеді Қазақстан бокс федерациясы Instagram парақшасында.

Басталуы – 14:00 және 19:00-де, екі сессияда өтеді.

Қазақстан атынан алты ер және алты әйел боксшы алтын медаль үшін жұдырықтасады. Алғашқы болып күндіз әйелдер шаршы алаңға шығады.

Бірінші болып 48 келі салмақ дәрежесінде Назым Қызайбай жекпе-жек өткізеді. Оның қарсыласы – үндістандық спортшы.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: