Алуа Балқыбекова бокстан Әлем кубогының күміс жүлдегері атанды

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының сапында өнер көрсететін Алуа Балқыбекова елордада өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінің финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алуа Балқыбекова 51 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады. Ол финалдық кезеңде Финляндия боксшысы Пихла Кайво-Оямен өзара мықтыны анықтады.
Жекпе-жек тең дәрежеде өтті. Дегенмен, төрешілердің шешімі бойынша Финляндия боксшысы алтын жүлдегер атанды.
Осылайша, Алуа Балқыбекова Қазақстан құрамасының қоржынына екінші күміс медальді салды. Бұған дейін, Нұрбек Оралбай (80 келіге дейін) екінші нәтиже көрсеткен болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript