Соболенко Уимблдон турнирінде сенсациялық жеңіліске ұшырады

Соболенко Уимблдон турнирінде сенсациялық жеңіліске ұшырады, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.07.2025 21:40 Сурет: instagram.com/arynasabalenka
Әлемдік рейтингіде бірінші орында тұрған Беларусь теннисші Арина Соболенко 10 шілде күні "Уимблдон-2025" турниріндегі өнерін жартылай финалда аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол тартысты матчта америкалық теннисші, WTA рейтингінде 12-орында тұрған Аманда Анисимоваға есе жіберді. 2 сағат 38 минутқа созылған тартысты кездесу Анисимованың пайдасына 6:4, 4:6, 6:4 есебімен аяқталды.

Ойын барысында Соболенко алты эйс жасап, төрт қос қателікке жол берді. Ол 14 брейк-пойнттың тек үшеуін тиімді пайдалана алды. Ал Анисимова бес қос қателік жібергенімен, сегіз мүмкіндіктің үшеуінде брейк жасап, нәтижелі ойын көрсетті.

Енді Аманда Анисимова финалда екінші жартылай финалдың жеңімпазымен кездеседі. Бұл кезеңде Швейцария теннисшісі Белинда Бенчич пен поляк спортшысы Ига Швентек (әлемнің 8-ракеткасы) шешуші матчқа жолдама үшін бақ сынап жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: