Қазақстан таеквондошылары Оңтүстік Кореядағы турнирде күміс медаль иеленді
Сурет: Facebook/Kazakhstan Taekwondo Federation - WT
Қазіргі уақытта Оңтүстік Кореяның Муджу қаласында таеквондодан "World Taekwondo Diamond Game" турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жарыс барысында ұлттық құрама алдымен Францияны 2:0, одан кейін Өзбекстанның A құрамасын 2:1 есебімен жеңіп, финалға шыққан. Бірақ шешуші сәтте отандық спортшылар Өзбекстанның B құрамасына 0:2 есебімен есе жіберіп, күміс медаль иеленді.
Ел құрамасының сапында Мерген Ганиев, Абдурахмон Марипов, Камила Аймұқашева және Аида Таукенова өнер көрсетті.
Айта кетсек, аралас-командалық жарысқа барлығы 13 команда қатысты.
Бұған дейін Қазақстан ұлттық құрамасы финалға шыққанын хабарлағанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript