Қазақстан құрамасы таеквондодан Diamond game 2025 турниріне қатысады

Қазақстан құрамасы таеквондодан Diamond game 2025 турниріне қатысады, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.07.2025 22:56 Сурет: федерацияның баспасөз қызметі
11-13 шілде аралығында Оңтүстік Кореяның Муджу қаласында "World Taekwondo Diamond Game 2025" халықаралық турнирі өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Турнир G-4 санатына жатады және Дүниежүзілік таеквондо федерациясының ресми күнтізбесіне енгізілген. Бұл жарыс спортшыларға рейтингтік ұпай жинауға мүмкіндік береді.

Қазақстан құрамасы атынан өнер көрсететін спортшылардың тізімі төмендегідей:

  • 57 келіге дейін: Альмира Қанат;
  • 67 келіге дейін: Аяулым Асқар, Аида Тәукенова;
  • 68 келіге дейін: Нұрбек Ғазез;
  • 80 келіге дейін: Ергеш Бекасыл.

Командалық және аралас командалық сайыста сынға түсетіндер: Мерген Ғаниев, Абдурахмон Марипов, Кәмила Аймұқашева, Аида Тәукенова.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: