Дау тудырған матч: Кумашев пен Чеховский биылғы маусымның соңына дейін жұмыстарынан шеттетілді

Қазақстан футбол федерациясы, даулы матч, Тимур Кумашев, Георгий Чеховский, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.07.2025 15:51 Сурет: kff.kz
ҚФФ Төрелік және инспекция департаментінің директоры Нуну Алешандре Паррейра де Каштру Қазақстан Премьер-лигасының 16-туры аясында өткен "Тұран - Қызылжар" матчындағы төрешінің даулы шешіміне байланысты ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төрелік және инспекция департаменті қоғамда үлкен резонанс тудырған эпизодты қарап, "бас төреші Тимур Кумашев пен видеокөмекші Георгий Чеховскийдің келісілген ойындарға қатысы болуы мүмкін" деген ҚФФ Интегрити офицерінің мәліметін зерттеді.

12 шілдеде өткен матчтың 84-минутындағы эпизод жан-жақты талданып, бейнематериалдар қаралды. Төрешілердің түсініктемелері мен сарапшылар пікірі тыңдалды. 

"Нәтижесінде "Тұран" қорғаушысы шабуылшыны екі қолымен ұстағаны анықталды. Алайда шабуылшының кейінгі әрекеті: әдейі құлау және шынайы жанасуға сай келмейтін симуляция ретінде бағаланды. 11 метрлік айып добын белгілеуге себеп болғанымен, бұл жағдайда ең дұрыс шешім – пенальти белгілемеу еді. Бас төреші мен VAR тарапы эпизодты жеткілікті кәсіби деңгейде бағаламады. Сондай-ақ төрешілер бригадасының өзара үйлесімді әрекет етпеуі салдарынан негізсіз шешім қабылданғаны тіркелді", делінген ресми хабарламада.

Бұған қоса, Тимур Кумашев бұған дейін ҚФФ Интегрити офицерінің ұсынысымен бір айға төрешіліктен уақытша шеттетілген болатын. Ал Георгий Чеховскийге қатысты тергеу жүргізілгенге дейін оны да қызметінен шеттету ұсынылған.

Аталған екі тұлға да келісілген ойындарға қатысы бар деген күдікпен жүргізіліп жатқан тергеуге іліккен.

"ҚФФ төрешілік жүйесіне деген сенімді сақтау және оның беделін қорғау мақсатында, сондай-ақ Интегрити офицерінің ұсынымына сәйкес, Тимур Кумашев пен Георгий Чеховский 2025 жылғы маусымның соңына дейін ҚФФ аясындағы матчтардан шеттетілді", делінген федерациясында шешімінде.

Бұған дейін "Жетісу" футбол клубының бас бапкері Самат Смақов Қазақстан премьер-лигасы аясындағы төрт матчтан шеттетілгенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: