Максим Почивалов стенд атудан Италиядағы халықаралық турнирде топ жарды

Максим Почивалов стенд атудан Италиядағы халықаралық турнирде топ жарды, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.07.2025 18:46 Сурет: olympic.kz
Қазақстандық мерген Максим Почивалов стенд атудан Италияның Тоди қаласында өтіп жатқан GREEN CUP халықаралық турнирінде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз «скит» жаттығуында сәтті өнер көрсетіп, жасөспірімдер арасында алтын медаль жеңіп алды. 

Одан бөлек, Қазақстан құрамасы «трап» жаттығуында, командалық сайыста және жекелей сында бақ сынайды. 

Айта кетейік, аталмыш жарысқа 33 елден 400-ден аса спортшы қатысып жатыр. Ал Қазақстан атынан 36 мерген өнер көрсетуде.

Турнир 21 шілдеге дейін жалғасады.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: