Қазақстан гандболдан Италиядағы халықаралық турнирде алтын медаль жеңіп алды
Сурет: olympic.kz
Қазақстан ерлер құрамасы гандболдан Италияның Терамо қаласында өткен Interamnia World Cup халықаралық турнирінде топ жарды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан жартылай финалда Италияны 23:13 есебімен жеңді. Ал ақтық сында Ливия құрамасын 28:23 есебімен тізе бүктірді. Осылайша алтын медаль жеңіп алды.
Ливия құрамасы екінші орынға жайғасса, Бельгия үздік үштікті түйіндеді.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстандық балуандар Венгриядағы рейтингтік турнирде алты медаль жеңіп алғанын хабарлаған едік.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript