Теннистен Қазақстан чемпионатының жартылай финалистері анықталды

Теннистен Қазақстан чемпионатының жартылай финалистері анықталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.07.2025 22:55 Сурет: ktf.kz
Астанадағы Ұлттық теннис орталығында теннистен Қазақстан чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Турнирдің бірінші ракеткасы, WTA рейтингінде 292-орында тұрған Жібек Құламбаева ширек финалда Анастасия Крымкованы еш қиындықсыз 6:2, 6:2 есебімен жеңді.

Жартылай финалда Жібек қысқы ел чемпионатының жеңімпазы Іңкәр Дүйсебаймен кездеседі. Іңкәр ширек финалда Альбина Кәкеновадан 6:3, 6:2 есебімен басым түсті.

Тағы бір жартылай финалда Аружан Сағандықова мен Полина Слепцова өзара мықтыны анықтайды. Аружан 1/4 финалда Асылжан Арыстанбекованы 6:3, 6:1 есебімен ұтты. Ал Полина Слепцова жоғары деңгейде өнер көрсетіп, турнирдің екінші ракеткасы Сандуғаш Кенжебаеваны (WTA 980) 6:4, 6:4 есебімен жарыс жолынан шығарды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: