Президент кубогы: Астанадағы челленджер турнирінде Қазақстан намысын кімдер қорғайды

Президент кубогы: Астанадағы челленджер турнирінде Қазақстан намысын кімдер қорғайды, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.07.2025 12:11 Сурет: ktf.kz
Елордада Президент кубогы үшін теннистен ерлер арасында өтетін челленджер турнирінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан теннисінің жас жұлдыздары Әмір Омарханов пен Заңғар Нұрланұлы ұйымдастырушылардан арнайы шақырту алды.

Әмір алғашқы айналымда жапониялық Имай Шинтаромен, Заңғар тәжірибелі литвалық, әлемнің бұрынғы 50-ракеткасы Ричардас Беранкиспен ойнайды.

Іріктеу сайысында Григорий Ломакин, Ислам Орынбасар, Ерасыл Бақтияр және Даниэль Тазабеков бақ сынайды.

Ислам түркиялық Арда Азкардан, Григорий жапониялық Тайсей Ичикавадан, Ерасыл оңтүстіккореялық Пак Юсунгтен, 17 жастағы Даниэль Жаронияның тағы бір өкілі Риотара Тагучиден өтуге тырысады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: