Астанада теннистен Президент кубогының жеңімпазы анықталды

Астанада теннистен Президент кубогының жеңімпазы анықталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.08.2025 21:51 Сурет: Қазақстан теннис федерациясы
Астанада теннистен Президент кубогы үшін челленджер турнирі аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Финалда әлемнің 187-ракеткасы, норвегиялық Николай Будков Кьер рейтингіде 420-орындағы италиялық Александр Биндуді 6:4, 6:3 есебімен ұтты.Осылайша, 18 жастағы норвегиялық теннисші 8 350 долларға қоса 50 рейтингілік ұпайға ие болды.

Бұл — оның спорттық жолындағы челленджер жарысындағы үшінші титулы.

Жұптық сында жапониялықтар Тайсей Ишикава — Кокоро Исамура үздік шықты.

Олар соңғы бәсекеде филиппиндік Фрэнсис Алькантара — кореялық Сун Пакты ұтты — 7:5, 2:6, 10:5.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: