Астанада теннистен Президент кубогы басталды

Астанада теннистен Президент кубогы басталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.07.2025 17:27 Сурет: ktf.kz
Астанада теннистен дәстүрлі Президент кубогы атты халықаралық турнир басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Екі апта бойы Beeline Arena Ұлттық теннис орталығының жазғы хард төсенішіндегі корттарында ATP Challenger Tour және ITF World Tennis Tour сериялары аясында жарыстар өтеді.

Турнир аясында ATP Challenger сериясындағы ерлер арасындағы жекелей және жұптық сайыстардың, сондай-ақ іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды.

Ұйымдастырушылар тарапынан wild card (арнайы шақырту) қазақстандық Әмір Омарханов пен Заңғар Нұрланұлына берілді. Негізгі тордың бірінші кезеңінде Омарханов жапониялық Шинтаро Имаемен кездессе, Нұрланұлы тәжірибелі литвалық, әлемнің бұрынғы 50-ракеткасы Ричардас Беранкиспен ойнайды.

Іріктеу кезеңінде Қазақстан атынан Георгий Ломакин, Ислам Орынбасар, Ерасыл Бахтияр және 17 жастағы Даниэль Тазабеков сынға түседі.

Іріктеу матчтары 28 шілдеде басталады. Орынбасар түрік теннисшісі Арда Азкармен, Ломакин жапониялық Тайсей Ичикавамен, ал Тазабеков тағы бір жапониялық ойыншы Риотаро Тагучимен кездеседі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: