Жүзуден әлем чемпионаты: қазақстандықтардың нәтижесі қандай

Жүзуден әлем чемпионаты: қазақстандықтардың нәтижесі қандай, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.07.2025 23:07 Сурет: olympic.kz
Сингапурда өтіп жатқан су спорт түрлерінен әлем чемпионатында жүзу жарыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іріктеу кезеңдерінде Қазақстан құрамасының үш өкілі бақ сынады. Алайда олардың ешқайсысы келесі айналымға өте алмады.

100 метрге арқамен жүзуде Ксения Игнатова 30-орын алды. Ал 100 метрге брасс әдісімен жүзуде Аделаида Пчелинцева 50-орынмен шектелді.

Арсен Қожахметов 50 метрге брасс әдісімен жүзуде жарысты 42-орынмен аяқтады.

Айта кетейік, бұған дейін 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде Әділбек Мусин Қазақстан рекордын жаңартқан еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: