Әділбек Мусин жүзуден әлем чемпионатында Қазақстан рекордын жаңартты

Әділбек Мусин жүзуден әлем чемпионатында Қазақстан рекордын жаңартты, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.07.2025 11:29 Сурет: olympic.kz
Сингапурда өтіп жатқан су спорты түрлері бойынша әлем чемпионатында жүзу сайыстары басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

27 шілдеде үш қазақстандық спортшы жарыс жолына шықты.

Әділбек Мусин 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде Қазақстан рекордын жаңартып, қашықтықты 23.33 секундта жүзіп өтті. Ол 18-орын иеленді. Алайда келесі кезеңге 16 үздік спортшы ғана өтті.

Софья Сподаренко 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде 42-орын алды. Ал Арсен Қожахметов 100 метрге брасс әдісімен жүзуде 45-орынмен жарысты аяқтады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: