Әртістік жүзуден әлем чемпионатында Эдуард Ким мен Наргиза Болатова үздік ондыққа енді

Әртістік жүзу, әлем чемпионаты, Эдуард Ким, Наргиза Болатова, үздік ондық , сурет - Zakon.kz жаңалық 23.07.2025 19:26 Сурет: olympic.kz
Сингапурда өтіп жатқан су спорт түрлерінен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының өкілдері Эдуард Ким мен Наргиза Болатова әртістік жүзуден финалдық кезеңде өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандастарымыз аралас жұптар арасындағы техникалық бағдарламада үздік ондықтың қатарына енді.

Ким мен Болатова бұл бағдарламада төрешілердің шешімімен 199.8050 ұпай жинап, жетінші орынды иеленді.

Ал бірінші орынды ресейлік спортшылар жеңіп алды. Күміс жүлде Испания құрамасына тиесілі болса, италиялық жұп қола жүлдеге ие болды.

Бұған дейін еркін жаттығу бағдарламасында ел намысын Даяна Джаманчалова мен Ясмин Тұяқова қорғап, финалдық кезеңге бір қадам жетпей қалғанын жазғанбыз.  

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: