Әртістік жүзу: Виктор Друзин мен Наргиза Болатова әлем кубогы суперфиналының қола жүлдегерлері атанды
Сурет: olympic.kz
Қазақстан құрамасының өкілдері Наргиза Болатова мен Виктор Друзин Канаданың Торонто қаласында өтіп жатқан әртістік жүзуден әлем кубогы суперфиналында жүлдегерлер қатарына енді.
Қазақстандық спортшылар аралас дуэттер арасындағы еркін бағдарламада қола медаль жеңіп алды.
Болатова мен Друзиннің өнерін төрешілер 243.8800 ұпайға бағалады. Алтын медальді Ұлыбритания өкілдері Изабель Торп пен Ранджуо Томблин 264.3033 ұпаймен иеленді. Екінші орынды Чили спортшылары Теодоро Гарриодо мен Николас Кампос иеленді – 244.7409 ұпай.
Айта кетейік, бұған дейін Виктор Друзин әртістік жүзуден жеке бағдарламаларда бір күміс және бір қола медаль жеңіп алған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript