Әртістік жүзу: Виктор Друзин әлем кубогы суперфиналында екінші медалін жеңіп алды

Әртістік жүзу: Виктор Друзин әлем кубогы суперфиналында екінші медалін жеңіп алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.06.2026 10:36 Сурет: olympic.kz
Виктор Друзин Канаданың Торонто қаласында өтіп жатқан әртістік жүзуден әлем кубогының суперфиналында Қазақстан қоржынына екінші жүлдені салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Спортшы еркін бағдарламада күміс медаль жеңіп алды.

Шешуші өнер көрсету барысында қазақстандық спортшы 248.5525 ұпай жинады. Бұл нәтиже оған күміс жүлде әкелді.

Алтын медальді Ұлыбритания өкілі Ранджуо Томблин жеңіп алды – 255.9600 ұпай. Ал италиялық Филиппо Пелати 246.2639 ұпаймен үшінші орынға тұрақтады.

Айта кетейік, кеше Виктор Друзин техникалық бағдарламада қола жүлдегер атанған болатын.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: