Әділбек Мусин Әлем чемпионатында ел рекордын жаңартты
Сурет: olympic.kz
Қысқа қашықтыққа жүзуден Будапештте өтіп жатқан Әлем чемпионатында Әділбек Мусин жүзуден ел рекордын жаңартты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол жекелей сында 100 метрді 50.55 секундта баттерфляй әдісімен жүзіп өтті. Нәтижесінде Әділбек 26-орында тұр.
Аталмыш сайыста сынға түскен тағы бір қазақстандық Максим Сказобцов 34-орынға тұрақтады. Оның көрсеткіші 51.50 секундқа тең болды.
Ал әйелдер арасында Софья Сподаренко 100 метрді 59,22 секундта жүзіп өтіп, 26-орынға ілінді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript