Қазақстандық спортшылар әлем чемпионатында үшінші рет ел рекордын жаңартты
Сурет: olympic.kz
Қазақстандық жүзушілер Венгрияның Будапешт қаласында өтіп жатқан қысқа қашықтыққа жүзуден әлем чемпионатында ел рекордын жаңартуды жалғастыруда, деп хабарлайды Zakon.kz.
11 желтоқсанда спортшыларымыз 4х50 метрлік аралас эстафетада жаңа рекорд жасады.
Аделаида Пчелинцева, Әділбек Мусин, Глеб Коваленя және Ксения Игнатова эстафетаны 1:42.20 уақытта аяқтады.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан рекордын Софья Сподаренко (50 метр баттерфляй) және ерлер құрамасы 4х100 метр еркін стильдегі эстафетада жаңартқан еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript