Қазақстандық параспортшы Азия рекордын жаңартты

Параспорт, жүзу, Әлем кубогы, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.04.2022 14:28 Сурет: Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі
Паралимпиадалық жүзуден Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсеткен Алина Синельникова күміс жүлдегер атанып, Азия рекордын орнатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Берлинде 47 елден 300-ден астам спортшы қатысқан Паралимпиадалық жүзуден әлем кубогы кезеңі аяқталды.

«Мерген» мүмкіндігі шектеулі жандар спорт клубының тәрбиеленушісі Алина Синельникова 400 метрге еркін жүзуде күміс жүлдегер атанса, 200 метрге брасс әдісімен жүзуде 3:20:54 нәтижемен Азия рекордын жаңартты. Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Большина

Қыздың жаттықтырушылары Жанна Зайцева мен Анна Симонина айтқандай, Алина Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері спорттық разрядын орындады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: