Жүзуші Әділбек Мусин Қазақстан рекордын жаңартты

Жүзуші Әділбек Мусин Қазақстан рекордын жаңартты, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.05.2025 12:38 Сурет: olympic.kz
Жүзуден Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі Әділбек Мусин рекордты жаңартты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол баттерфляй әдісімен 50 метр қашықтықта еліміздің үздік нәтижесін жаңартты.

Қазіргі уақытта Талдықорғанда өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында Мусин 23,36 секунд нәтиже көрсетті. Бұған дейінгі рекорд та Әділбекке тиесілі болатын – 23,40 секунд.

Айта кетейік, Әділбек Мусин жүзуден ҚР чемпионатында 50 және 100 метр қашықтықтарда баттерфляй әдісімен жүзуде алтын медаль жеңіп алды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: