Дәмир Жалғасбай ересектер арасындағы алғашқы турнирде жеңіске жетті

Дамир Жалғасбай ересектер арасындағы алғашқы турнирде жеңіске жетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.08.2025 00:59 Сурет: ktf.kz
17 жастағы қазақстандық теннисші Дәмир Жалғасбай өз мансабында маңызды жетістікке қол жеткізді — ол ITF кәсіби ерлер турындағы алғашқы титулын жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Латвиялық Артурс Загарспен жұптасып өнер көрсеткен Дәмир Испанияда өткен ITF M15 санатындағы турнирдің жеңімпазы атанды.

Финалда Жалғасбай/Загарс дуэті швейцариялық Адриен Бурде мен мексикалық Алан Сау Франконы сенімді түрде ұтты — 6:2, 6:1.

Бұл жеңіс — жас теннисшінің ересектер арасындағы кәсіби деңгейдегі алғашқы табысы.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: