Рыбакина Канададағы турнирдің жартылай финалында 18 жастағы теннисшіден жеңіліп қалды

Рыбакина Канададағы турнирдің жартылай финалында 18 жастағы теннисшіден жеңіліп қалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.08.2025 10:08 Сурет: Instagram/obnmontreal
Тамыздың 7-сіне қараған түні Канададағы Монреаль қаласында WTA 1000 санатындағы турнирдің жартылай финалдық матчтары өтті. Осы кездесулердің бірінде Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина корт иесі Виктория Мбокодан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл сәтсіздік Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысын шешуші бәсекеден тыс қалдырды. 18 жастағы Мбоко алғашқы сетте 1:6 есебімен ұтылса да, кейін жеңіс үшін жанкештілікпен күресіп, екі сетті өз пайдасына аяқтады — 7:5, 7:6.

Осылайша, әлемнің 85-ракеткасы Рыбакинаның атағына қарамай, канадалық “Мастерс” турнирінің финалына жолдама алды. Онда ол жапониялық экс-бірінші ракетка Наоми Осакамен кездеседі.

Айта кетейік, бұл – Мбоконың WTA-турдағы алғашқы финалы. Сонымен қатар осы турнирдің нәтижесінде талантты теннисші алғаш рет әлемдік рейтингінің үздік елулігіне енеді.

Ал Рыбакина Монреальдан кейін АҚШ-тың Цинциннати қаласына аттанады, ол жерде негізгі турнирдің екінші айналымынан бастап өнер көрсетеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: