Президент кубогы: Аружан Сағындықова мен Іңкәр Дүйсебай ширек финалға жолдама алды

Президент кубогы: Аружан Сағындықова мен Іңкәр Дүйсебай ширек финалға жолдама алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.08.2025 19:38 Сурет: Қазақстан теннис федерациясы
Астанада Президент кубогы үшін өтіп жатқан ITF W15 турнирінде қазақстандықтар Аружан Сағындықова мен Іңкәр Дүйсебай ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аружан Сағындықова алғашқы кездесуінде отандасы Альбина Кәкенованы 6:0, 6:3 есебімен жеңген. Ал бүгін Аружан екінші айналымда ресейлік Дарья Зелинскаяның мысын басты – 6:1, 7:5.

Енді ол жартылай финалға шығу үшін белоруссиялық Владислава Зверевамен шеберлік байқасады.

18 жастағы Іңкәр Дүйсенбай бірінші айналымда қазақстандық Полина Слепцовадан айласын асырған – 0:6, 6:0, 6:3.

Екінші кездесуінде ресейлік Устиния Лекомцевадан басым түсті – 6:3, 6:4.

Ол ширек финалда тағы бір ресейлік Екатерина Хайрутдиновадан өтуге тырысады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: