Тимофей Скатов "Челленджер" турнирінің финалында бақ сынады
Сурет: Instagram/bonnopen_challenger
Петропавл қаласының тумасы (ATP рейтингінде №308) титул үшін өткен матчта әлемдік рейтингте 185-орында тұрған Австрия өкілі Юрий Родионовпен кездесті.
Ойынның бірінші жартысы 6:3 есебімен қазақстандықтың пайдасына шешілсе, кейін австриялық теннисші ойын тізгінін өз қолына алып, келесілерін 6:2, 6:4 есебімен өз пайдасына аяқтады.
Айта кетейік, бұған дейін Тимофей Скатов екі рет "Челленджер" турнирінің жеңімпазы атанған болатын: алғаш рет 2022 жылы Италияның Парма қаласында, кейін 2023 жылы Германияның Аугсбург қаласында жеңіске жеткен.
Финалдағы сәтсіздікке қарамастан, Скатов рейтингтік көрсеткішін айтарлықтай жақсартып, 308-орыннан 259-орынға көтерілді.
Бұған дейін Roland Garros іріктеуінің финалында екі өзбекстандық теннисші кездескендігін жазғанбыз.