Көркем гимнастикадан әлем чемпионатына қатысатын қазақстандықтар анықталды

Көркем гимнастикадан әлем чемпионатына қатысатын қазақстандықтар анықталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.08.2025 18:13 Сурет: olympic.kz
20-24 тамыз аралығында Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында көркем гимнастикадан әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан құрамасы бұл дүбірлі додада жекелей және топтық жаттығуларда өнер көрсетеді.

Жекелей сында Айбота Ертайқызы мен Айым Мейіржанова бақ сынайды.

Ал топтық жаттығуларда Аида Хакімжанова, Айзере Кеңес, Жасмин Жүнісбаева, Кристина Чепульская, Айзере Нұрмағамбетова және Мадина Мырзабай жүлде үшін сынға түседі.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: