Алан Оралбек еркін күрестен U20 әлем чемпионатының жұбаныш белдесуінде өнер көрсетеді

Алан Оралбек еркін күрестен U20 әлем чемпионатының жұбаныш белдесуінде өнер көрсетеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.08.2025 11:26 Сурет: United world wrestling
Самоковта (Болгария) күрес түрлерінен U20 санатындағы әлем чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

20 тамызда еркін күрестен соңғы медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Қазақстан қола медальға үміткерлердің қатарында. Ол үшін Алан Оралбек жұбаныш белдесуінде сәтті өнер көрсетуі тиіс.

61 келі салмақтағы балуан ширек финалда ирандық Ахор Хатериге есе жіберген болатын.

Осылайша, қазақстандық спортшы жұбаныш белдесуіне жолдама алды. Ол Пуэрто-Рикодан барған Омар Аюбпен белдеседі.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық еркін күрес шебері Камиль Куруглиев Самоковта (Болгария) өтіп жатқан U20 санатындағы әлем чемпионатының финалында жеңіліп қалып, күміс жүлдегер атанған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: