Қазақстандық еркін күрес шеберлері U20 санатындағы әлем чемпионатын бес медальмен аяқтады

Қазақстандық еркін күрес шеберлері U20 санатындағы әлем чемпионатын бес медальмен аяқтады, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.08.2025 17:03 Сурет: United world wrestling
Болгарияның Самоков қаласында өтіп жатқан U20 санатындағы әлем чемпионатында еркін күрес бойынша жарыстар өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан құрамасы жалпы есепте бес медаль жеңіп алды, соның ішінде біреуі алтын бар.

Әлем чемпионы атағын Едіге Қасымбек (125 келіге дейін) жеңіп алды. Камиль Қуруглиев (92 келіге дейін) күміс медальға ие болды.

Нұрданат Айтанов (57 келіге дейін), Досжан Құл-Ғайып (74 келіге дейін) және Самир Дурсунов (97 келіге дейін) қола медаль еншіледі.

Еске салайық, бұған дейін әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Анна Стратан Болгарияның Самоков қаласында өтіп жатқан U20 санатындағы әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болғанын жазған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: