Бублик US Open турнирінің екінші кезеңінде сәтті өнер көрсетті

Бублик US Open турнирінің екінші кезеңінде сәтті өнер көрсетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.08.2025 11:14 Сурет: X/usopen
28 тамыз күні Нью-Йоркте өткен жекелей сындағы екінші айналым матчында 28 жастағы Александр Бублик жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық теннисшінің қарсыласы – әлемдік ерлер рейтингінде 96-орында тұрған австралиялық Тристан Скулкейт болды.

Бублик қарсыласын 6:3, 6:3, 6:3 есебімен жеңіп шықты. Ойын 1 сағат 45 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Бублик:

  • 16 эйс жасап,
  • 6 қос қате жіберіп,
  • 6 брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды.

Ал Скулкейт 5 эйс жасап, 5 қос қате жіберді.

Бұған дейін Елена Рыбакинаның US Open турнирінің үшінші айналымына жолдама алғанын жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: