Әзербайжан Президенті "Қарабақ" футболшыларына бес миллион манат бөлді

Әзербайжан Президенті "Қарабақ" футболшыларына бес миллион манат бөлді, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.08.2025 14:46 Сурет: Instagram/fkqarabagh
Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шыққаны үшін "Қарабақ" футбол клубына 5 миллион манат бөлу туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Trend басылымының мәліметінше, мемлекет басшысы ел чемпионын Еуропадағы жетістігі үшін бес миллион манат (шамамен үш миллион доллар) көлемінде сыйақымен марапаттауды шешкен.

Белгілі болғандай, осы аптада "Қарабақ" екі матчтың қорытындысы бойынша (3:1, 2:3) венгриялық "Ференцварошты" жеңіп, өз тарихында екінші рет УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алды.


Турнирдің жалпы кезеңінде әзербайжандық команда өз алаңында "Челси" (Англия), "Айнтрахт" (Германия), "Аякс" (Нидерланд) және "Копенгаген" (Дания) клубтарын қабылдайды.

Ал сырт алаңда "Ливерпуль" (Англия), "Бенфика" (Португалия), "Наполи" (Италия) және "Атлетик" (Испания) клубтарына қарсы ойнайды.

Еске салайық, 28 тамыз күні Монакода УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне арналған ресми жеребе тарту рәсімі өтті. Нәтижесінде Қазақстанның чемпионы "Қайрат" алдағы қарсыластарын білді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: