Қазақстан "Қайраттың" жеңісінен кейін УЕФА рейтингінде көтерілді

Қазақстан "Қайраттың" жеңісінен кейін УЕФА рейтингінде көтерілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.08.2025 12:58 Сурет: uefa.com
Қазақстан алматылық "Қайраттың" Чемпиондар лигасындағы сенсациялық ойынының арқасында УЕФА коэффициенттер кестесінде айтарлықтай алға жылжыды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ел чемпионының турнирдің негізгі кезеңіне шығуы Қазақстанға бірден бес саты қосып, 34-орынға көтерілуіне мүмкіндік берді. Енді Қазақстан Армения, Латвия, Финляндия, Косово және Босния және Герцеговина ассоциацияларының құрамаларын артта қалдырды.

Мұндай серпіліс биылғы маусымдағы УЕФА рейтингіндегі ең үлкен жетістіктердің бірі болды.

"Осылайша, "Қайраттың" Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі дебюті тек қазақстандық футбол тарихына енумен шектелмей, елдің Еуропадағы позициясын да едәуір нығайтты", - деп атап өтті спорт сарапшылары.

Айта кетейік, "Қайрат" "Реалмен" 30 қыркүйекте Алматыда ойнайды.

Ал бүгін "Қайрат" "Реал Мадридке" қарсы матч билеттеріне қатысты мәлімдеме жасады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: