Рыбакина тағы бір бапкермен жұмысын тоқтатты

Рыбакина тағы бір бапкерімен жұмысын тоқтатты, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.09.2025 12:17 Сурет: j48tennis
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина италиялық жаттықтырушысы Давиде Сангвинеттимен қош айтысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Tennisuptodate және Spazio Tennis басылымдарының мәліметінше, бұл шешімді Рыбакина АҚШ-тағы ашық чемпионат аяқталғаннан кейін қабылдаған. Ол аталған турнирде 1/8 финал сатысында жеңіліп қалған болатын. Осылайша, қазіргі таңда Рыбакинамен бірге жұмыс істеп жатқан жалғыз бапкер — Хорват Стефано Вуков.

2024 жылдың жазында Елена Рыбакина Вуковпен де қоштасқанын жариялап, US Open турнирінен бас тартқан және WTA маусымдық финалына дейін теннистен үзіліс алатынын мәлімдеген еді. Вуков спортшыға дөрекі қарым-қатынас жасады деген айыптауға тап болған. Сол себепті WTA ұйымы оны уақытша қызметінен шеттеткен. Алайда, Вуков сот арқылы бұл тыйымды жойып, Еленамен жұмысын қайта жалғастырды.

Бұған дейін Заңғар Нұрланұлы US Open турнирінде ITF Juniors рейтингіндегі 13-ракетканы жеңгенін жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: