Ауыр салмақтағы боксшы Нұрбек Оралбай қытайлық қарсыласына үш раунд бойы мүмкіндік бермеді

Нұрбек Оралбай, Ұлыбритания, бокс, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.09.2025 19:51 Сурет: ҚР ҰОК
Ауыр салмақтағы Нұрбек Оралбай бокстан Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/8 финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық боксшы 80 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп жатыр, делінген ҚР ҰОК хабарламасында.

Нұрбек Оралбай бұл кезеңде Қытай елінің өкілі Тоқтарбек Таңатханмен кездесті. Үш раунд бойы қарсыласына мүмкіндік бермеген Нұрбек Оралбай төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша Нұрбек Оралбай (80 келіге дейін) әлем біріншілігінің ширек финалына өтті.

Бұған дейін Алуа Балқыбекова да келесі кезеңге өткені хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: