Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасында әлем бойынша 25 үздік теннисші қатарына қосылды

Заңғар Нұрланұлы, жасөспірімдер, теннисші, әлем бойынша, рейтинг, ТОП-25  , сурет - Zakon.kz жаңалық 09.09.2025 21:04 Сурет: ҚТФ баспасөз қызметі
Халықаралық теннис федерациясы (ITF) жасөспірімдер рейтингін жаңартты. Онда 17 жастағы қазақстандық Заңғар Нұрланұлы айтарлықтай серпіліс жасап, жоғарыға көтерілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түркістан облысының жас өкілі 29 позицияға бір-ақ көтеріліп, айтарлықтай серпіліс жасады. Ол қазір ITF Juniors рейтингісінде 25-орында тұр. Оның активінде бүгіндері 1356,5 ұпай бар.

Нұрланұлының бұл жетістігіне жақында жасөспірімдер арасында өткен US Open турнирінің  жартылай финалына шығуы түрткі болды.

Енді Заңғар жасөспірімдер арасында Қазақстанның бірінші ракеткасы мәртебесіне ие болды. Бұған дейінгі көшбасшы Әмір Омарханов еліміз бойынша екінші орында, ал әлем бойынша 28-орында болып табылады (1322,25).

Айта кетсек, Қарағанды өкілі АҚШ-тың ашық чемпионатына қатысқан жоқ. Ал Заңғар Нұрланұлы Нью-Йорк корттарында ел намысын абыроймен қорғап, жекелей сында 1/2 финалға дейін жетті. Оны тек әлем бойынша жасөспірімдер арасындағы ең үздігі Иван Иванов (Болгария) қана тоқтата алды.  

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: