Қазақстандық чемпион теңдессіз нокаутынан кейін UFC-пен келісімшартқа отырды

Қазақстандық чемпион теңдессіз нокаутынан кейін UFC-пен келісімшартқа отырды, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2025 12:42 Сурет: Instagram/murtazali.magomedow
Қазақстан атынан шығатын қырғызстандық спортшы Муртазали Магомедов 24 қыркүйекке қараған түні АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен Dana White's Contender Series турнирінде мексикалық Брахан Зурчермен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sportarena.kz мәліметінше, жекпе-жек барысында Муртазали қарсыласын бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңіп, UFC лигасымен келісімшартқа қол жеткізді.

Енді Магомедовтың аралас жекпе-жектердегі көрсеткіші — 10 жеңіс, бірде-бір жеңіліс жоқ. Ал Зурчердің есебінде 9 жеңіс пен 1 жеңіліс бар.

Қырғызстан тумасы өткен жылы OCTAGON ұйымының жартылай жеңіл салмақтағы чемпионы атанған болатын. Ол Өзбекстандық Сардор Худойбердиевті тұншықтыру әдісімен жеңіп, чемпиондық белбеуді иеленген, кейін оны бразилиялық Клаудисио Бритоға қарсы жекпе-жекте сәтті қорғап шықты.

Бұған дейін Жәнібек Әлімханұлының маңызды мәлімдеме жасағанын жазғанбыз. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: