Үстел теннисі: қазақстандықтар China Smash 2025 турнирінде бақ сынайды

Үстел теннисі: қазақстандықтар China Smash 2025 турнирінде бақ сынайды, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2025 21:15 Сурет: olympic.kz
25 қыркүйекте Қытайдың Бейжің қаласында үстел теннисінен China Smash 2025 халықаралық турнирі басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарысқа әлемдік үстел теннисінің жұлдыздары қатысады: Ван Чуцинь (Қытай, халықаралық рейтингте №1), Линь Шидун (Қытай, №2), Уго Кальдерано (Бразилия, №3), Томокази Харимото (Жапония, №4), Трулс Морегард (Швеция, №5), Лян Цзинкунь (Қытай, №6), Феликс Лебрун (Франция, №7), Бенедикт Дуда (Германия, №8), Сян Пэн (Қытай, №9), Дарко Йоргич (Словения, №10) және басқа да спортшылар.

Қазақстандық спортшылар Кирилл Герасименко мен Зәуреш Ақашева турнирдің іріктеу кезеңінде өнер көрсетеді. Олардың қарсыластары - ирандық Амирреза Аббаси мен қытайлық Яо Жуйсюань болмақ.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: