Мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Денис Тен мемориалында жеңіске жетті

Мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Денис Тен мемориалында жеңіске жетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.10.2025 22:55 Сурет: olympic.kz
Мәнерлеп сырғанаудан Алматыда өтіп жатқан Денис Тен мемориалында әйелдер арасындағы жекелей сайыста үздіктер анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оңтүстік Корея өкілі Ли Хэ Ин алтын медаль жеңіп алды. Спортшы жалпы есепте 196.84 ұпай жинады. Айта кетейік, ол 2023 жылы әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған болатын.

Оңтүстік Корея спортшысы Юн Асун күміс медаль иеленді (174.37 ұпай). Қола жүлде Канададан келген Маделин Щижасқа бұйырды (164.39 ұпай).

Қазақстандық спортшылардың нәтижелері: Амира Ирматова - 6-орын (137.15 ұпай), Нұрия Сүлеймен - 7-орын (124.40 ұпай), София Фарафонова - 9-орын (104.50 ұпай), Вероника Коваленко - 10-орын (86.12 ұпай), Русалина Шакрова - 11-орын (74.71 ұпай).

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: