Николя Винокуров өз мансабындағы тарихи жетістікке жетті
Сурет: Instagram/xds_astana_team
Малайзия астанасы Куала-Лумпурда "Тур Лангкави – 2025" жарысы аяқталды. Додо қорытындысы бойынша, қазақстандық XDS Astana Team командасының велошабандозы Николя Винокуров жалпы есепте төртінші орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл нәтиже — аты аңызға айналған велошабандоз Александр Винокуровтың ұлы Николя үшін оның кәсіби мансабындағы ең жоғары жетістік. Ол кәсіби велоспортқа жақында ғана келген.
Сонымен қатар, Николя Азия шабандоздары арасындағы үздік атанып, осы құрлықтағы ең беделді жарыста ақ жейдені (ең үздік азиялық спортшыға берілетін) жеңіп алды.
"Жігіттер керемет жұмыс атқарды, әр кезеңде маған қолдау көрсетті. Бұл нәтижеге мен тек командамның көмегі арқылы қол жеткіздім. Апта тамаша өтті, өз нәтижеме өте ризамын, биыл едәуір алға жылжығанымды сеземін. "Испания Вуэльтасы" маған үлкен серпін берді. Бүгінгі нәтиже маған одан әрі еңбектенуге жаңа мотивация сыйлайды", – деді Николя Винокуров.
Бұған дейін Заңғар Нұрланұлының Кореядағы J200 турнирінің чемпионы атанғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript