UFC Дональд Трамптың мерейтойына орай Ақ үйде жекпе-жек өткізеді
Фото: flickr/White House
Ақ үй басшысы алда өтетін UFC жекпе-жегі туралы ақпаратты бірінші болып өзі жариялады.
Аталған оқиға Ақ үйдің көгалында өтеді деп болжанады, бірақ бұл ретте нақты мәліметтер әлі берілмеген.
"2026 жылдың 14 маусымында бізде - Ақ үйдің территориясында UFC-дің айтулы жекпе-жегі өтеді". АҚШ президенті Дональд Трамптың мәлімдемесі
Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, UFC оқиғасының басты кейіпкерлері - әйгілі ирландиялық файтер Конор Макгрегор мен америкалық Майк Чендлер болуы мүмкін.
“And on June 14th next year, we're going to have a big UFC fight at the White House, right at the White House on the grounds of the White House.”
— One America News (@OANN) October 6, 2025
President Trump announced the date for the upcoming UFC fight at the White House. It will take place on June 14, 2026.
Subscribe to… pic.twitter.com/bFvbHNenUd
Айта кетсек, жекпе-жекті жоспарланған өткізу күні, яғни 2026 жылдың 14 маусымы Дональд Трамптың туған күніне сай келеді әрі АҚШ президенті 80 жасқа толады.