Қазақстан әйелдер құрамасы су добынан Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды
Сурет: olympic.kz
Үндістанның Ахмедабад қаласында су спорты түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионаты аясында су добынан әйелдер арасында үшінші орын үшін матч өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қола медаль үшін Қазақстан мен Таиланд құрамалары сынға түсті.
Негізгі уақыт 6:6 есебімен тең аяқталды. Пенальти сериясында қазақстандықтар мықтылық танытып, 3:2 есебімен жеңіске жетті. Қорытынды есеп - 9:8.
Осылайша, Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript