Македония құрамасының бапкері Қазақстанмен болатын ойынға қатысты өз ойын айтты

Футбол, Қазақстан құрамасы, Солтүстік Македония, бапкер, Благоя Милевски , сурет - Zakon.kz жаңалық 13.10.2025 20:00 Сурет: meta-ratings.kz
Солтүстік Македония құрамасының бапкері Благоя Милевски Қазақстанмен болатын матч алдында аталған ойынға қатысты өз ойын айтып, пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бапкер пікірін Солтүстік Македония футбол федерациясының сайты жариялады.

Ол өз құрамасы 13 қазанда Скопьеде қонақтарды қабылдайтынын атап өтті.

"Әр матч маңызды, бірақ келесі матч әрқашан одан да маңызды. Қазақстан, әсіресе Астанада өздерінің үлкен әлеуетке ие екенін көрсетті. Олар жаттықтырушысын ауыстырды, бұл - тағы бір тәуекел, бірақ біз бәріне дайынбыз", - деді Милевски.

Ол өзінің тәлімгерлері бабында екенін жеткізді.

Македония құрамасының ресми сайтында жанкүйерлер Қазақстанмен болатын ойын алдында өз футболшыларына белсенді түрде қолдау білдіруде.

Айта кетсек, "Астана Аренада" футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы Лихтенштейн командасын қабылдап, 4-0 есебімен шетелдіктерді ойсырата ұтқан болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: