Анна Данилина теннистен Қытайдағы турнирдің ширек финалына өтті

Анна Данилина теннистен Қытайдағы турнирдің ширек финалына өтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2025 17:08 Сурет: ktf.kz
Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Анна Данилина Нинбода (Қытай) өтіп жатқан WTA 500 сериялы турнирінің 1/8 финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз жұптық сында жақсы нәтиже көрсетуде. Ширек финалға шығу үшін Анна Данилина мен Александра Крунич (Сербия) Лаура Зигемунд (Германия) және София Кенин (АҚШ) жұбымен кездесіп, 6:2, 7:5 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, Данилина мен Крунич 1/4 финалда Николь Меличар-Мартинез (АҚШ) және Людмила Самсоновамен (Ресей) өзара мықтыны анықтайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: