Almaty Open ATP 250 титулы үшін Медведев пен Муте таласады
Сурет: ktf.kz
Теннистен Almaty Open ATP 250 турнирінің финалистері белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
19 қазанға белгіленген шешуші матчта ресейлік Даниил Медведев (№14) пен франциялық Корентен Муте (№41) кездеседі.
Жартылай финалда Медведев сенсацияға жол бермей, аустралиялық Джеймс Даквортты (№138) ұтты - 6:7, 6:3, 6:2.
Муте жартылай финалда америкалық Алекс Михельсенді (№36) жолдан тайдырды - 7:5, 6:4.
Еске салайық, 2024 жылы финалда канадалық Габриэль Диаллоны 6:2, 5:7, 6:3 есебімен жеңген ресейлік теннисші Карен Хачанов жеңімпаз атанды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript