Елена Рыбакина WTA турнирлеріндегі 10-жекелей титулын жеңіп алды

Елена Рыбакина WTA турнирлеріндегі 10-жекелей титулын жеңіп алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.10.2025 16:18 Сурет: ktf.kz
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Қытайдағы турнирдің чемпионы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытайдың Нинбо қаласында өткен WTA-500 санатындағы турнирдің финалында әлемнің тоғызыншы ракеткасы, қазақстандық Елена Рыбакина ресейлік Екатерина Александровамен (WTA рейтингінде 10-орында) кездесті.

Рыбакина тартысты өткен финалда қарсыласын 3:6, 6:0, 6:2 есебімен ұтып, кәсіби карьерасындағы 10-шы WTA жекелей титулын жеңіп алды.

Бұл — оның екі WTA 1000 және бір "Үлкен дулыға" (Уимблдон) турниріндегі жеңісін қосқанда, Қазақстан тарихындағы рекордтық көрсеткіш.

"Бұл — ерекше жеңіс. Әр титулдың өз тарихы бар, бірақ оныншысының символдық мәні бар. Маусымның азиялық бөлігін осылай аяқтағаныма қуаныштымын. Маған әрдайым қолдау көрсететін командам мен Қазақстандағы жанкүйерлеріме көп рақмет", - деді Рыбакина матчтан кейін.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: