Елена Рыбакина Римдегі WTA 1000 турнирінде жеңіске жетіп, әлемнің 4-ракеткасы атанды

Елена Рыбакина, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.05.2023 04:07 Сурет: Қазақстан теннис федерациясы
Елена Рыбакина Римдегі турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Италияның астанасы Римдегі WTA 1000 турнирінің финалында әлемнің 47-ракеткасы, украиналық Ангелина Калининамен ойнады.

Елена Рыбакина бірінші сетте 6:4 есебімен ұтты, екінші сетте қазақстандық теннисші 1:0 есебімен алға шыққанда, Ангелина Калинина ойынды жалғастырудан бас тартты. Осылайша, қазақстандық теннисші чемпион атанды. 

Қазақстандық теннисші Римдегі жеңісінен кейін тағы 1 000 ұпай жинап, 5 090 ұпаймен әлемнің 4-ракеткасы атанды.

Бұл - Елена Рыбакинаның биылғы екінші титулы. Ол наурызда Индиан-Уэллстегі (АҚШ) турнирде жеңіске жетті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: