Жолдамаға талас: "Елімай" футбол клубы "Ақтөбенің" алдын орап кетуі әбден мүмкін

Елімай, футбол, жолдама, Еурокубок, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.10.2025 21:53 Сурет: Instagram/fc_elimai
Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 25-ші турынан кейінгі қорытынды бойынша Қазақстан атынан алдағы Еуроның төртінші жолдамасын "Елімай" (Семей) клубының иелену мүмкіндігі жоғары, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өткен турдың қорытындысы бойынша шығыстық ұжым өзінің басты қарсыласы – "Ақтөбенің" алдын орай білді.

Андрей Карповичтің командасы Түркістан облысында 6:3 есебімен "Тұранды" сенімді түрде жеңді.

Өз кезегінде Қазақстанның бес дүркін чемпионы "Ақтөбе" сырт алаңда "Астанадан" жеңіліп (3:5), 2026/27 маусымның еурокубогына шығу міндеті қиындады.

2025 жылғы ҚПЛ-дың соңғы турына дейін де бұл қос команда турнир кестесінде үш ұпай айырмаға ие.

26 қазанда "Елімай" өз алаңында "Атыраумен" ойнайды. Өз тарихында алғаш рет УЕФА конференциялар Лигасына жолдама алу үшін бұл матчта семейліктерге тең түссе, жетіп жатыр. Тура сол күні "ақтөбеліктер" Семей ұжымының сүрінгенін күтеді, сондай-ақ өз алаңында "Ордабасыны" (Шымкент) жеңуі керек, әрине, бұл оңайға түспесі анық.

Еврокубоктың алдыңғы маусымына жолдама алып үлгерген "Қайрат" және "Астана" жексенбіде орталық стадионда кім чемпион болатынын анықтайтын болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: