Таеквондошы Жаңабек Шамұратов Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Таеквондо, Жаңабек Шамұратов, Азия ойындары, күміс медаль, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.10.2025 17:51 Сурет: ҚР ҰОК
Таеквондодан Қазақстан құрамасының өкілі Жаңабек Шамұратов 2025 жылғы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Спортшы 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль үшін бақ сынады, делінген ҚР ҰОК хабарламасында.

Шешуші жекпе-жекте қазақстандық спортшы Өзбекстан өкілі Ахаджон Мухторовқа есе жіберіп, жарысты күміс медальмен аяқтады.

Бұған дейін аралас жекпе-жектен Қазақстан құрамасының өкілі Нұртілеу Өтеген мен Санжар Иманғали Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының финалында өнер көрсетіп, екеуі де күміс медаль алғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: