MMA: Нұртілеу Өтеген мен Санжар Иманғали жасөспірімдер Азиадасында күміс медальға ие болды
Сурет: ҚР ҰОК
Спортшы 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль үшін айқасқа шықты, делінген ҚР ҰОК хабарламасында.
Ақтық сында отандасымыз Амирмахди Вазифехпен (Иран) кездесті. Жекпе-жек өте тартысты өтті. Жеңімпаз тек овертаймда анықталды. Амирмахди қарсыласын ауырту әдісімен жеңіп, алтын медальға ие болды. Осылайша, Нұртілеу Өтеген жасөспірімдер Азиадасын күміс медальмен аяқтады.
Сондай-ақ қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Санжар Иманғали 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде (modern) өнер көрсетті.
Финалда Иманғали өзбекстандық Аваз Анваровпен кездесіп, тартысты жекпе-жекте қарсыласына есе жіберді. Сөйтіп оған да күміс медаль бұйырды.

Сурет: ҚР ҰОК
Айта кетейік, осы спорт түрінен бұған дейін 50 келіге дейінгі салмақта Амелина Бакиева алғаш болып алтын медаль иеленген еді. Сондай-ақ ММА бойынша Қазақстан құрамасы Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында Санжар Қартай екінші алтын медальға қол жеткізді.