MMA: Амелина Бакиева жасөспірімдер Азиадасының жеңімпазы атанды

Амелина Бакиева, ММА, жасөспірімдер, Азиада, алтын медаль , сурет - Zakon.kz жаңалық 25.10.2025 13:16 Сурет: ҚР ҰОК
Аралас жекпе-жектен Қазақстан құрамасының өкілі Амелина Бакиева Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

50 келіге дейінгі салмақтың финалында қазақстандық спортшы Үндістан өкілі Шрия Сатамды мерзімінен бұрын ұтты, делінген ҚР ҰОК хабарламасында.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында үш алтын медаль бар. Бұған дейін велошабандоздар мен таеквондошы Айым Серікбаева бірінші орын иеленген болатын.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шұғыла Өмірбекті әйелдер арасындағы күрестен U23 әлем чемпионатының жеңімпазы атануымен құттықтаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: