Қазақстандық хоккейшінің Канададағы турнирде жұлдызы жарқырады

Бексұлтан Мақыш, қазақстандық хоккейші, Канада құрамасының ойыншысы, Виндзор Спитфайрз командасының шабуылшысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.10.2025 09:33 Сурет: Instagram/bexultan.makysh
Құрамында қазақстандық Бексұлтан Мақыш ойнайтын "Виндзор Спитфайрз" командасы Оңтүстік Онтарио Хоккей Лигасының (OHL) аясында өз алаңында "Саджиноу Спирит" құрамасымен ойын өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

sportarena.kz мәліметінше, негізгі уақыт пен овертаймда жеңімпаз анықталмаған (5:5), ал буллит сериясында "Саджиноу Спирит" командасы жеңіске жетті.

Жеңімпаз команда сапынан Егор Барабанов, Димиан Жилкин (үш рет) және Ксандер Веллиарис нәтижелі ойын көрсеткен. Ал "Виндзор Спитфайрз" құрамасынан Коул Дэвис, Лиэм Гринтри (екі рет) және Итан Белшец (екі рет) гол соқты.

Өз кезегінде 17 жастағы қазақстандық шабуылшы Бексұлтан Мақыш "Виндзор Спитфайрз" командасы құрамында бір нәтижелі пас берді.

Жеңіліске қарамастан, "Виндзор Спитфайрз" командасы Батыс конференциясында көш басында қалып отыр. Биылғы маусымда Бексұлтан Мақыш 15 матч өткізіп, 12 ұпай (7 гол, 5 пас) жинады.

Бұған дейін Евгений Васенкиннің таеквондодан жасөспірімдер Азиадасының алтын жүлдегері атанғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: